Басқару профилін жою

Microsoft Exchange пошта жәшігі үшін EAS құрылғыларын басқару профилін жою үшін:

  1. Консоль ағашында Ұялы құрылғыларды басқару қалтасын ашыңыз.
  2. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылардың серверлері салынған қалтасын таңдаңыз.
  3. Ұялы құрылғылардың серверлері қалтасының жұмыс аймағында Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін таңдаңыз.
  4. Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверінің контекстік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Ұялы құрылғылар сервері сипаттары терезесі ашылады.

  5. Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар сервері сипаттары терезесінде Пошта жәшіктері бөлімін таңдаңыз.
  6. Пошта жәшігін таңдап, Профильдерді өзгерту түймесін басыңыз.

    Саясат профильдері терезесі ашылады.

  7. Саясат профильдері терезесінде жойғыңыз келетін профильді таңдап, қызыл кірес бейнеленген жою түймесін басыңыз.

    Таңдалған профиль басқару профильдері тізімінен жойылады. Жойылған профиль басқаратын EAS құрылғыларына әдепкі бойынша ағымдағы профиль қолданылады.

    Әдепкі бойынша ағымдағы профильді жойғыңыз келсе, "әдепкі бойынша профиль" сипатын басқа профильге тағайындап, профильді жойыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу